03 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы № 366

279 рет
көрсетілді
37 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 27 наурыз ,Астана қаласы Магистральдық теміржол желiсiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-10) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған магистральдық теміржол желiсiн пайдалану қағидалары бекiтілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев): 1) осы бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. ҚАСЫМБЕК «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ____________ Е. Досаев 2015 жылғы 30 сәуір Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыз № 366 бұйрығымен бекітілген Магистральдық темiржол желiсін пайдалану қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Теміржол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 2-тармағының 34-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және магистральдық теміржол желісін пайдалануды тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) арнайы поездар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше талаптар бойынша тағайындалатын жолаушыларды және/немесе аса маңызды әскери немесе стратегиялық жүктерді тасымалдауға арналған поездар; 2) график тармағы – поездың жөнелту, межелі және баратын пункттері, жөнелту, келу, технологиялық тұрақтар уақыты, орташа жүріс уақыты, сондай-ақ поездың басқа да техникалық параметрлері көрсетілген жүру маршрутының графикпен бейнеленуі; 3) диспетчерлік кесте – поездардың қозғалыс кестесінен шығып қалған, кезектен тыс, арнайы, қосалқы поездардың, жолаушы және жүк поездарының жедел қозғалыс жоспары; 4) диспетчерлік реттеу – нақты уақыт режимінде тасымалдау процесі операцияларын басқару және мониторингілеу процесі; 5) жедел жоспарлау – ұлттық инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушының 12 (он екі) сағаттық кезеңдерге бөліп, бір тәулікке арналған жұмыс жоспарын жасау процесі; 6) жүк тасымалдаудың айлық жоспары – тасымалдаушы жасайтын және күнтізбелік айға тиеу көлемдері, вагон ағындарының корреспонденциялары бойынша болжамды деректерді көрсететін құжат; 7) кезектен тыс поездар – қозғалыс графигінде көзделмеген (қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары, қар тазартқыштар, вагонсыз локомотивтер, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам), поездар қозғалысындағы кедергілерді жоюға, болжанбаған жұмыстарды орындауға және көлік құралдарын тиісінше көшіруге арналған поездар; 8) қосалқы поездар – жолаушыларды отырғызу пункттеріне, техникалық станцияларға және тұрақтау пункттеріне бара жатқан жеке локомотивтер немесе локомотив топтары (топтамалары), жолаушы вагондарынан, дизель және электр секцияларынан тұратын поездар, сондай-ақ поездардың нақтыланған қозғалыс графигінде қозғалысы көзделмеген ұлттық инфрақұрылым операторының өз мұқтаждарына арналған поездар; 9) қосымша өтінімдер – поездар қозғалысының нормативтік графигі қолданыста болған кезеңде тасымалдаушылардан келіп түскен қосымша тасымалдауларға магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізуді ұсынуға арналған өтінімдер; 10) қосымша тасымалдар – поездар қозғалысының нормативтік графигінде көзделмеген, магистральдық теміржол желісінің бос немесе белгіленген тәртіпте босатылған өткізу қабілеті есебінен жүзеге асыру мүмкін болатын қосымша қозғалыс тармақтарын бөлуді талап ететін тасымалдар; 11) магистральдық теміржол желісінің қызметтері – ұлттық инфрақұрылым операторы көрсететін, поездарды өткізу және қозғалысы үшін магистральдық теміржол желісін пайдалануға байланысты қызметтер; 12) магистральдық теміржол желісінің қызметін көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі – шарт) – «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 8) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілген магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартқа сәйкес тасымалдаушы мен ұлттық инфрақұрылым операторы арасында жасалған магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарт; 13) магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің үлесі (график тармақтарының саны) – уақыттың белгілі бір аралығында магистральдық теміржол желісінің қандай да бір бөлігінде поездар (поезд жұбы) қозғалысының барынша жоғары мөлшерін қамтамасыз ету жөніндегі оның әлеуетті мүмкіндігі; 14) магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетін бөлу – осы Қағидаларда белгіленген қағидаттардың негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы жүзеге асыратын барлық тасымалдаушылар поездарының қозғалыс графигін қалыптастыру рәсімі; 15) магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізуді ұсынуға арналған өтінім – магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік алу үшін тасымалдаушылар ұлттық инфрақұрылым операторына беретін құжат; 16) магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу – тасымалдаушылардың тасымалдарды жүзеге асыру үшін магистральдық теміржол желісі қызметтерін алу мүмкіндігі; 17) магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған ұзақ мерзімді шарт – ұлттық инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушы арасында кемінде 5 (бес) жылдық кезеңге жасалған магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарт; 18) магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшелігі (бұдан әрі – техникалық ерекшелік) – магистральдық теміржол желісі учаскелерінің және станцияларының техникалық сипаттамаларын, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің тәуліктік өткізу қабілеті, жүк поездарының қабылдау-тапсырудың (алмасудың) болжамды уақыты, магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің резервтелген үлестері, жөндеудің жоспарлы мерзімдері, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің еркін өткізу қабілеті туралы мәліметтерді, график тармақтарының жобаларын қамтитын ұлттық инфрақұрылым операторы жасаған және бекіткен құжат; 19) магистральдық теміржол желісі учаскесінің өткізу қабілеті – магистральдық теміржол желісінің, жылжымалы құрамның техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне және түрлі санаттағы поездардың өткізілуін ескере отырып, поездардың қозғалуын ұйымдастыру тәсілдеріне қарай есепті уақыт кезеңі (тәулік) ішінде магистральдық теміржол желісінің учаскесі бойынша өткізілуі мүмкін поездардағы (поез жұптарындағы) қозғалыс мөлшері; 20) магистральдық теміржол желісі учаскесінің тәуліктік өткізу қабілетінің сегменті – бөлек пункттер арасында жылдамдықтары және жүру уақыты жақын поездарды өткізу үшін бөлінген тәуліктің уақыт кезеңі; 21) өткізу қабілетін беруге жедел сұрау салу – ұлттық инфрақұрылым операторының диспетчері белгіленген тәртіппен тіркейтін, өткізу қабілетінің үлесін бөлу және диспетчерлік кесте шеңберінде арнаулы және қосалқы поездар қозғалысын ұйымдастыру туралы тасымалдаушының уәкілетті өкілінің құжаты; 22) поездардың қозғалыс графигі – ұлттық инфрақұрылым операторының магистральдық теміржол желісі учаскелерінде барлық санаттағы поездар қозғалысын ұйымдастыруды белгілейтін, шартты тәуліктердегі масштабты торда поездардың жүруін график түрде көрсететін, поездар қозғалысының нормативтік (жоспарлы жылға), нұсқалық (уақыттың жекелеген кезеңдерінде) және жедел (ағымдағы жоспарлы тәулікке) графигі болып бөлінетін құжаты; 23) поездардың қозғалыс кестесі – поездар қозғалысы графигінің негізінде белгілі бір күнтізбелік күндер бойынша поездар қозғалысы туралы ақпараты қамтитын құжат; 24) поездардың нақтыланған қозғалыс графигі – қосымша тасымалдарды, сондай-ақ график тармақтары уақытының нақтылануын ескере отырып, магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік беруге арналған өтінімде көрсетілген тасымалдау көлемдерінің түзетулері негізінде белгілі бір күнтізбелік айға нақтыланған поездар қозғалысының нормативтік графигінің нұсқасы; 25) поездарды қалыптастыру жоспары – тасымалдаушылардың поездарды қалыптастыру жоспары жобаларының негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен, магистральдық теміржол учаскелерінің өткізу қабілетін және станциялардың өңдеу қабілетін ескере отырып, теміржол станцияларында қалыптастырылатын поездардың санаттары мен межелі бағыттарын белгілейтін құжат; 26) поездар қозғалысының жиынтық тәуліктік жоспары – жоспарланып отырған тәулікте поездар қозғалысын диспетчерлік реттеу және ұйымдастыру үшін тасымалдаушылардың поездар қозғалысының тәуліктік жоспарлары негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы жасаған құжат; 27) поездар қозғалысының тәуліктік жоспары – ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен нысан бойынша тасымалдаушы жасаған және жөнелтілетін поездар, поездар қозғалысының жиынтық кестесіне сәйкес локомотивтер мен локомотив бригадаларының ауысуы туралы ақпаратты, сондай-ақ кестеде көзделмеген поездарды өткізуге арналған өтінімді қамтитын құжат; 28) тасымалдардың жиынтық айлық жоспары – тасымалдаушылар мәлімдеген айлық жүк тасымалдау жоспарларының негізінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесімен және қатысы бар теміржол әкімшіліктерімен келісу үшін ұлттық инфрақұрылым операторы жасайтын құжат; 29) тасымалдарды айлық жоспарлау – магистральдық теміржол қызметтерін көрсетуге жасалған шарт шеңберінде тасымалдаушының жүк, вагон және поез ағындарын және тасымалдарды ұйымдастыру үшін станцияларда вагондарды өңдеу көлемдерін айлық модельдеу (болжау) процесі; 30) тасымалдарды жоспарлау – қызметтер көрсетуге жасалған шарттарға сәйкес белгіленген уақыт кезеңіне (жыл, ай, тәулік) магистральдық теміржол желісі объектілерінде (учаскелер мен станцияларда) тасымалдар жоспарын әзірлеу; 31) тасымалдаушының поездарды қалыптастыру жоспарының жобасы – поездарды қалыптастыру тәртібі мен санаттарын, қалыптастыру, өңдеу, тарату станцияларын айқындатын, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшеліктерінің деректерін ескере отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесі және Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы қабылдаған келісімдерде белгіленген қағидаттар мен талаптар негізінде жүк түріне қарай тасымалдаушылар үшін нарықтық тұрғыда қолайлы жеткізу мерзімдерін қамтамасыз ететін вагон ағындарын поездарға ұйымдастыру жоспарының жобасы; 32) тасымалдаушының поездар қозғалысының кестесі мен графигінің жобасы – магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшеліктерінің деректерін ескере отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер бойынша станциялар бойынша поездарды жөнелту, технологиялық тоқтап тұру, келу уақытын көрсететін кесте және график нысанында тасымалдаушы жасаған құжат; 33) тасымалдаушының техникалық жоспары – тасымалдаушы жасайтын және күнтізбелік айға оның пайдалану жұмысының техникалық нормаларын, сондай-ақ ішкі және сыртқы түйісулер бойынша поездар мен вагондарды қабылдаудың/тапсырудың нормативті көлемдерін көрсететін құжат; 34) тасымалды жүзеге асырудың техникалық және технологиялық мүмкіндігі – магистральдық теміржолдардың және бөлек пункттердің поездардың қауіпсіз қозғалысын, кедергісіз өткізуді, қабылдауды, өндеуді және жөнелтуді жүзеге асыру жөніндегі қабілеті; 35) техникалық жоспар – тасымалдардың жиынтық жоспары, тасымалдаушылардың техникалық жоспарларының және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесі ақпаратының негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы жасайтын құжат; 36) штаттан тыс жағдай – магистральдық теміржол желісі объектілеріндегі ақаулықтар нәтижесінде поездардың қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін не поездарды өткізу үшін кедергі келтіретін мән-жай. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Заңда айқындалған мағыналарда қолданылады. 3. Магистралдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу үшін тасымалдаушы инфрақұрылым операторына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу құқығын ұсынуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) жібереді. 4. Тасымалдаушының магистралдық теміржол желісі қызметтеріне рұқсат алуға арналған өтінімін ұлттық инфрақұрылым операторы мәлімдеген көлемдерге не басқа да жағдайларға қарамастан, тең жағдайда қабылдайды. 5. Тасымалдаушының осы Қағидаларда белгіленген шарттарды сақтауы шарт жасасу үшін негіз болып табылады. Шарт жасаспай магистральдық теміржол желісін пайдалануға жол берілмейді. 6. Тасымалдаушының магистралдық теміржол желісінің көрсеткен қызметтері үшін ақы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес табиғи монополияларды реттеу салаларындағы және реттелетін нарықтағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілген тарифтер бойынша жүргізіледі. 2. Магистральдық теміржол желісін пайдалану тәртібі 1-Параграф. Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділікті беру 7. Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте және «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларына сәйкес ұсынылады: 1) онда поездар қозғалысын ұйымдастыру үшін магистральдық теміржол желісінің техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне; 2) магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің болуын және оны пайдалану бойынша тасымалдаушылар ұсыныстарын және магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу қағидаттары негізінде ұлттық инфрақұрылым операторының магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетін бөлуіне; 3) жүк поездарын қалыптастыру жоспарын және поездар қозғалысы графигіне; 4) магистральдық теміржол желісінің шектеулі өткізу қабілеті жағдайында, нормативтік графикке сәйкес тасымалдаушыларға магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділікті беру кезектілігінің сақталуына; 5) Заңнамаға сәйкес теміржол тасымалдарын жүзеге асыруға кедергі болатын тыйым салулар мен шектеулердің болмауы. 8. Тасымалдаушыларға магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне қолжетімділік берудің кезектілігі мынадай белгілерден анықталады: 1) поезд санаттары; 2) поездардың санаты бірдей болған кезде мыналарға: тасымалдау көлемдері бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуын ескере отырып, магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған ұзақ мерзімді шарттардың (кемінде 5 жылдық мерзімге) болуына; өткізу қабілетін тасымалдаушының пайдалану қарқындылығына; қолданыстағы шарттың бар болуына не мерзімін ұзартуына байланысты; 3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген критерийлер бірдей болған кезде, өтінішті беру мерзімі. 9. Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу құқығын беру тәртібі мына кезеңде қамтиды: 1) ұлттық инфрақұрылым операторының техникалық ерекшелікті әзірлеуі және жариялауы; 2) тасымалдаушының магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу құқығын алуға арналған өтінімді беруі; 3) ұлттық инфрақұрылым операторының магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімдікті алуға арналған өтінімді қарауы; 4) поездар қозғалысының графигін және поездар қозғалысы кестесін бекіту; 5) осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасу. 10. Поездар қозғалысының нормативтік графигіне сәйкес графиктің белгілі бір тармағы бойынша магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік, ұзақ мерзімді шарттардан туындайтын құқықтарды қоспағанда, тасымалдаушыларға поездар қозғалысы кестесі қолданысының бір мерзімінен аспайтын мерзімге (1 жыл) беріледі. 11. Поездар қозғалысының нормативтік графигінде көзделмеген қосымша тасымалдар бойынша магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділікті беру осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қосымша өтінімдер негізінде жүзеге асырылады. 2-Параграф. Магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшелігі 12. Ұлттық инфрақұрылым операторы жыл сайын, магистральдық теміржол желісі қызметтеріне арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күнге дейін кемінде 3 (үш) айдан кешіктірмей техникалық ерекшелікті бекітеді және жариялайды. Техникалық ерекшелікті жариялау ұлттық инфрақұрылым операторының ресми интернет-сайты арқылы жүргізіледі. Тасымалдаушы интернет-ресурста тіркелу арқылы техникалық ерекшелікке қол жеткізеді. 13. Магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетін оңтайландыру және ұтымды пайдалану мақсатында ұлттық инфрақұрылым операторы техникалық ерекшелікте магистральдық теміржол желісі учаскелерінің тәуліктік өткізу қабілетін олар бойынша жүру уақытын техникалық ерекшелікте саралай отырып, магистральдық теміржол желісінің тәуліктік өткізу қабілетінің сегменттеріне бөледі. 14. Техникалық ерекшелікте: 1) магистральдық теміржол желісі учаскелерінің ұзындығын және тартым түрін, поездар құрамдарының салмағы мен ұзындығының нормаларын, түрлі санаттағы поездардың қозғалыс жылдамдықтарын көрсете отырып, поездар қозғалысын ұйымдастыру үшін қажетті магистральдық теміржол желісі учаскелері мен станциялардың техникалық сипаттамалары; 2) магистральдық теміржол желісі учаскелерінің тәуліктік өткізу қабілетінің сегменттері; 3) халықаралық жолаушылар қатынасы үшін график тармақтарының жобалары; 4) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесінің шешімінде айқындалған әрбір мемлекетаралық түйісу пункті бойынша жүк поездарын қабылдау-тапсырудың (алмасудың) болжамды уақыты; 5) магистральдық теміржол желісі өткізу қабілетінің ұлттық инфрақұрылым операторының өз технологиялық (шаруашылық) қажеттіліктері үшін резервтелген үлестері; 6) магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің ұзақ мерзімді шарттарға сәйкес резервтелген үлестері; 7) магистральдық теміржол желісі объектілерін учаскелер бойынша жөндеудің жоспарлы мерзімдері; 8) Заңының талаптарына сәйкес тасымалдарды орындау үшін ұлттық жолаушылар тасымалдаушы мен ұлттық жүк тасымалдаушыға қажетті магистральдық теміржол желісі учаскелерінің өткізу қабілетін қоспағанда, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің бос өткізу қабілеті көрсетіледі. 9) магистральдық теміржол желісі учаскелері бойынша тасымалдарды жоспарлауға және поездар қозғалысын ұйымдастыруға арналған өзге де мәліметтер мен шарттар; 10) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушы тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау туралы жолаушы тасымалдаушылардың уәкілетті органмен жасаған шарттарына сәйкес резервтелген магистральдық теміржол желісі өткізу қабілетінің үлестері көрсетіледі. 3-Параграф. Тасымалдаушылардың поездарды қалыптастыру жоспарларының, поездар қозғалысының кестелері мен графиктерінің жобаларын әзірлеу 15. Тасымалдаушы поездарды қалыптастыру жоспарының жобасын әзірлеген кезде: 1) меншікті (жалға алынған) кірме жолдың техникалық мүмкіндіктерінде, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшелігінде көрсетілген учаскелер мен станциялардың техникалық сипаттамаларында; 2) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесі және Теміржолдар ынтымақтастығы ұйымы қабылдаған келісімдерде белгіленген талаптарда берілетін шектеулерді басшылыққа алады. 16. Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізуге арналған өтінімді қарау шеңберінде ұлттық инфрақұрылым операторы поездарды қалыптастыру жоспарын жасайды. 17. Поездарды қалыптастыру жоспары поездар қозғалысының нормативтік графигін әзірлеумен бір мерзімде жасалады. 18. Тасымалдаушылардың поездар қозғалысының кестесі мен графигінің жобасын тасымалдаушы поездар қозғалысының нормативтік графигі қолданыста болатын кезеңге, мыналарды: 1) магистральдық теміржол желісі объектілерін күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстардың жүргізілуін (технологиялық «үзіліс»); 2) локомотив бригадаларының үздіксіз жұмысының белгіленген ұзақтығының сақталуын; 3) тасымалдау процесі операцияларын орындаумен байланысты емес вагондардың тоқтап тұруы үшін меншікті (жалға алынған) кірме жолдардың техникалық мүмкіндіктерінің пайдаланылуын; 4) бос вагондардың жүру (қайтару) маршруттарын; 5) жоспарланып отырған жылдамдықтардың және поездың жүру уақытының магистральдық теміржол желісі учаскелерінің өткізу қабілеті сегменттері үшін белгіленген жылдамдықтар мен жүру уақытына сәйкестігін; 6) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесімен келісуді талап ететін халықаралық жолаушылар тасымалдары үшін резервтелген, сондай-ақ ұзақ мерзімді шарттарға сәйкес резервтелген өткізу қабілеті үлестерін (график тармақтарын) ескере отырып, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшеліктері негізінде жасайды. 4-Параграф. Магистральдық теміржол желісіне қолжетімділік алу үшін өтінімді беру және қарау 19. Тасымалдаушы ұлттық инфрақұрылым операторына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді, оған мынадай құжаттар және ақпарат қоса беріледі: 1) ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен нысан бойынша тасымалдаушының поездарды қалыптастыру жоспарының жобасы; 2) ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен нысан бойынша поездар қозғалысының кестесі мен графигінің жобасы; 3) жоспарланып отырған тасымалдардың жылдық көлемдері (графиктің әр тармағы үшін тоқсандар мен айлар бойынша бөлу арқылы); 4) бағыттар бөлінісінде айлар бойынша бөлінген өткен жылғы жүк тасымалдау көлемдері; 5) жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; 6) жылжымалы құрамға меншік құқығын немесе пайдалану құқығын растайтын құжат; 7) жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу базасының болуы туралы құжат немесе мұндай база болмаған кезде жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған шарт (шарттар); 8) тасымалдау жоспарланған жылжымалы құрамның: түрі мен тиесілігі; тасымалдау жоспарланған вагондардың саны; тасымалдауды қамтамасыз ету үшін тасымалдаушы көздеген локомотивтердің үлгілері мен сипаттамалары көрсетілген тізбесі; 9) тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін ұлттық инфрақұрылым операторына ақпарат беру және алмасу үшін қажетті тасымалдау құжаттарын (вагон парақтары және анықтама қағаздары) жасау және өңдеудің техникалық мүмкіндігінің болуын растайтын ақпарат (бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның қолы қойылған хат) не болмаса мұндай мүмкіндігі бар тасымалдаушымен жасалған шарт; 10) жүктерді тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда: «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес жүктерді тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияның көшірмесі; тасымалданатын жүктердің түрлері туралы ақпарат; 11) әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдары жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендердің қорытындылары туралы хаттамадан үзінді көшірме немесе әлеуметтік мәні бар қатынас бойынша тасымалдаушының шығындарын субсидиялау туралы уәкілетті органмен жасасқан шарттың көшірмесі; 12) магистральдық теміржол желісі орналасқан аумақта орналасқан заңды тұлғаны немесе филиалды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік; 13) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 622 бұйрығымен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережелерінің 18-қосымшасына сәйкес тиісті мемлекеттік кірістер органының салықтық берешек және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан астам төлеу мерзімі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайды қоспағанда) берешектің болмауы немесе болуы туралы бірінші басшының немесе қол қою құқығы бар адамның қол қоюымен (осы құқықты растайтын тиісті құжатты қоса бере отырып), осы салық органының мөрі басылған тиісті мемлекеттік салық органының анықтамасы. Егер анықтамада берешек көрсетілген болса, анықтама берген адамның қолы қойылған осы берешек пайда болған мерзімді растайтын құжатты қоса беру қажет; 14) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған теміржол көлігін, жүктерді және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттары; 15) соңғы аудиторлық тексеру есебінің көшірмесі және оған қосымша; 16) жоспарланып отырған қызметтер көлемі құнының 0,1 %-ына (оннан бір пайызына) тең мөлшерде инфрақұрылымға қол жеткізуді беруге арналған өтінімнің ақшалай қамтамасыз етілуі (не болмаса аталған сомаға банк кепілдемесі); 17) шартқа қол қою құқығына сенімхат, егер заңды тұлғаның өкілі бірінші басшы немесе бірінші басшының міндетін атқарушы тұлға болмаған жағдайда, сенім білдірілген тұлға өкілдік етеді; 18) локомотив бригадаларының біліктілігі және олардың қызмет көрсету учаскелерінің жоспарлары мен бейімдерін білуі туралы ақпарат. Қағидалардың осы тармағының 16) тармақшасында белгіленген талап вагондық жөнелтілімдерді жүзеге асыратын тасымалдаушыға қолданылмайды. 20. Тасымалдаушы ұлттық инфрақұрылым операторына беретін қағаз жеткізгіштердегі өтінім мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс: 1) өтінім және оған қоса берілетін құжаттар тігіледі, нөмірленеді және тасымалдаушының мөрімен, сондай-ақ оның басшысының не ол уәкілеттік берген тұлғаның қол қоюымен расталады; 2) қоса берілетін құжаттар түпнұсқалар немесе олардың көшірмелері болып табылады, соңғы жағдайда өтінімге қол қоятын басшы не болмаса ол уәкілеттік берген тұлға олардың анықтығы мен толықтығын жазбаша растайды; 3) өтінім және оған қоса берілетін құжаттар мен ақпарат мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде беріледі және оларда түзетулер немесе толықтырулар болмайды. 21. Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу құқығын беруге арналған өтінімдерді қабылдау тасымалдау жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылғы оныншы маусымда басталады және тасымалдау жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылғы жиырма бесінші шілдеде аяқталады. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушы тасымалын жүзеге асыратын жолаушы тасымалдаушылар әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушы тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау туралы уәкілетті органмен шарттар жасасқан соң, бірақ жоспарланып отырған тасымалдың алдындағы жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей өтінімдер береді. 22. Ұлттық инфрақұрылым операторы өтінімді тіркейді және тасымалдаушыға өтінімнің реттік тіркеу нөмірі, қабылданған күні, қабылданған құжаттардың тізбесі көрсетілген құжатты береді. 23. Ұлттық инфрақұрылым операторы келіп түскен өтінімдердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді. 24. Өтінім осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сай болмаған, сондай-ақ тасымалдаушы дәйексіз ақпарат ұсынған жағдайда, ұлттық инфрақұрылым операторы өтінім келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде қабылдаудан бас тарту себептерін көрсете отырып, өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту туралы тасымалдаушыны хабардар етеді. 25. Ұлттық инфрақұрылым операторының өтінімдерді қарауды және поездар қозғалысының нормативтік графигінің бастапқы жобасын қалыптастыруды аяқтау мерзімі тасымалдау жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылғы жиырма бесінші қарашада аяқталады. 26. Ұсынылған өтінімдегі мәліметтер өзгерген жағдайда, поездар қозғалысының нормативтік графигін қалыптастыруға қажетті өтінімдерді қарау кезеңінде (бірақ өтінімдерді қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір ай бұрын) тасымалдаушы ұлттық инфрақұрылым операторына бұл туралы жазбаша хабарлайды. 27. Ұлттық инфрақұрылым операторы поездар қозғалысының нормативтік графигінің бастапқы жобасын тасымалдаушылардың қарауға қабылданған өтінімдерін және магистральдық теміржол желісі учаскелерінің өткізу қабілетін барынша пайдалануын ескере отырып, өздігінен жасайды. Ұлттық инфрақұрылым операторы поездар қозғалысының бастапқы нормативтік графигінің негізінде магистральдық теміржол желісі қызметтеріне арналған өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша ұлттық инфрақұрылым операторының ресми интернет-ресурсында шешімді орналастыру арқылы тасымалдау жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылғы отызыншы қарашаға дейінгі мерзімде графиктің шартты тармақтарын бөлу туралы шешім жөнінде тасымалдаушыларды жазбаша түрде хабардар етеді. 5-Параграф. Поездар қозғалысының нормативтік графигі мен кестесін қалыптастыру, әзірлеу және бекіту 28. Ұлттық инфрақұрылым операторы тасымалдау жоспарланған жылдың алдындағы жылғы 1 (бірінші) желтоқсаннан бастап Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесінің шеңберінде өткізілетін техникалық кеңестердің шешімдерін ескере отырып, поездар қозғалысының нормативтік графигінің бастапқы жобасын түзетеді. 29. Поездар қозғалысының нормативтік графигін әзірлеген кезде ұлттық инфрақұрылым операторы поездар қозғалысының нормативтік графигі қолданыста болатын кезеңге поездар қозғалысының жиынтық кестесінің және поездарды қалыптастыру жоспарының жобасын қалыптастырады. Поездар қозғалысының жиынтық кестесінің жобасы тасымалдаушыға тасымалдау жоспарланған жылдың алдыңдағы жылдың қаңтар айының бірінші онкүндігінде беріледі. 30. Тасымалдаушы поездар қозғалысының жиынтық кестесі мен поездар қозғалысының нормативтік графигінің жобаларын алған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің бөлінген үлестерін түзету туралы ұсыныстарын жазбаша, жеделхатпен, факсограммамен ұлттық инфрақұрылым операторына енгізеді. Тасымалдаушының түзету жөніндегі ұсыныстарының негізінде поездар қозғалысының нормативтік графигі қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде үш ай бұрын ұлттық инфрақұрылым операторы нормативтік графикті және поездар қозғалысының жиынтық кестесін бекітеді және ол ұлттық инфрақұрылым операторының поездар қозғалысының жиынтық кестесі мен поездар қозғалысының нормативтік графигін тираждау және жолаушылар поездарының қозғалыс кестесін жариялау үшін қолданады. 31. Ұлттық инфрақұрылым операторы: 1) поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді; 2) магистральдық теміржол желісі учаскелерінің өткізу және тасымалдау қабілетін және теміржол станцияларының өңдеу қабілетін анағұрлым тиімді пайдалануды; 3) магистральдық теміржол желісі учаскелерін ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу мүмкіндігін ескере отырып, поездар қозғалысының нормативтік графигін қалыптастырады. Поездар қозғалысының нормативтік графигін әзірлеген кезде теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшелігінде көрсетілген магистральдық теміржол желісі учаскелерінің тәуліктік өткізу қабілеті сегменттерінің әрқайсысы үшін жеке поез санатына қарай басымдылық негізінде магистральдық теміржол желісінің еркін өткізу қабілетін бөлу жүзеге асырылады. 32. Поездар қозғалысының нормативтік графигі күнтізбелік жылғы мамыр айының соңғы жексенбісінде 00 сағат 00 минуттан бастап қолданысқа енгізіледі және келесі күнтізбелік жылғы мамыр айының соңғы сенбісінде 24 сағат 00 минутта қолданысын тоқтатады. Поездар қозғалысының нормативтік графигі бекітілгеннен кейін тасымалдаушы мен ұлттық инфрақұрылым операторы арасында осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен шарт жасалады. 33. Поездар қозғалысының нақтыланған графигін және поездар қозғалысының жиынтық кестесін ұлттық инфрақұрылым операторы айлық жоспарлау шеңберінде нақтыланған параметрлерді ескере отырып, поездар қозғалысының нормативтік графигі негізінде қалыптастырады. 34. Тасымалдарды ұйымдастырудың қолданыстағы технологиясын ескере отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесінің шеңберінде тасымалдаушылар мынадай мерзімдерде: 1) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесіне қатысушы елдер бағытында тасымалдау кезінде – тасымалдау жоспарланған айдың алдындағы айдың он төртінен кешіктірмей; 2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау кезінде тасымалдау жоспарланған айдың алдындағы айдың жиырмасынан кешіктірмей – айлық тасымалдар жоспарын жинақтау және келісу үшін ұлттық инфрақұрылым операторына енгізеді. 6-Параграф. Магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге шарт жасасу 35. Шарт жазбаша түрде поездар қозғалысының нормативтік графигі және жиынтық кестесі бекітілгеннен кейін нормативтік қозғалыс графигі қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде екі ай бұрын жасалады. Шарттың қолданылу мерзімі поездар қозғалысының нормативтік графигінің қолданылуы кезеңін құрайды. 36. Қосымша өтінімдер бойынша шарт тасымалдарды жүзеге асырудың күнтізбелік айы басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын поездар қозғалысы нормативтік графигінің қолданылуы кезеңінен аспайтын мерзімге жасалуға тиіс. 37. Егер шарттың қолданылуы кезеңінде тасымалдаушының дәйексіз ақпаратты және осы Қағидалардың 19-тармағының 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13, 14), 15), 16), 17), 18) тармақшаларында көзделген (болжамды көрсеткіштерді қоспағанда) құжаттарды беру фактілері анықталған жағдайда, ұлттық инфрақұрылым операторының шартты бір жақты тәртіппен бұзуына рұқсат етіледі. 7-Параграф. Поездар қозғалысының нормативтік графигінің қолданылуы кезеңінде магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізуге арналған қосымша өтінімдер 38. Қосымша өтінімдер тасымалдау жүзеге асырылатын күнтізбелік ай басталғанға дейін кемінде екі ай бұрын беріледі. 39. Тасымалдаушының қосымша өтінімдері осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделеді. 40. Қосымша өтінімдер келіп түскен сәтінен бастап бір ай ішінде осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысында қаралады, оларды қарау қорытындылары бойынша ұлттық инфрақұрылым операторы шартты не жасалған шарттарға қосымша келісімдер жасасу туралы мәселені қарайды. 41. Қосымша өтінімдер бойынша өткізу қабілетінің үлесін бөлу магистральдық теміржол желісінің бос емес немесе босатылған өткізу қабілеті есебінен айлық жоспарлау шеңберінде және келіп түскен өтінімдердің кезектілігі тәртібімен жүзеге асырылады. 8-Параграф. Магистральдық теміржол желісіне қолжетімділік беруге арналған өтінімдерді қамтамасыз ету кепілдігі 42. Тасымалдаушы магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік беруге арналған өтінім бойынша мін